Мереке қарсаңында, әжелер қауымы «Құрақ көрпе» атты шеберлік сағатын өткізді. «Хиуаз» орталығы ұйымдастырған шарада студенттер құрақ құрап, тігін ісін үйренді. Одан бөлек, ақжаулықты әжелеріміз қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу сынды салт дәстүрлерді жастарға дәріптеп, көрпе тігу мен киіз басу, тоқыма сияқты қол өнер шеберлігіне баулыды. Жиын барысында әжелер қауымына алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.