Құлсары қаласында алғаш рет №8 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында STEAM зертханасы ашылды. Зертханада ғылымды, технологияны және инженерияны қызықты оқытудың кешенді тәсілі қарастырылған .Аталмыш жоба STEAM кабинеттерін жабдықтау, педагогтардың біліктілігін арттыру, оқушыларды оқыту және қолданбалы зерттеулер жүргізу сияқты бірнеше бағыт бойынша жұмыстарды қамтиды.