Биыл әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 220 пәтер беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті. Ал Мемлекеттік бюджеттің есебінен берілетін тұрғын үйлерді жалдамалы түрде алатын Атыраулықтар, баспанаға салғырттық танытатын көрінеді. Яғни санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Сол себепті үйді тұрғындардың өз атына жазу мәселесі қарастырылуда. Толығырақ бейнематериалда.