Бүгін, өңір басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде ведомоствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдары, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері селекторлық режимде қатысты.