Ұлттық банктің мәліметінше өңір тұрғындары банктерге жарты триллионнан астам тенге берешек. Нақтырақ айтсақ, 586 млрд.700 млн теңге қарыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23% -ға жоғары. Оның ішінде қарапайым халықтың несиеге берешегі 482,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл жалпы қарыз сомасының 82 пайызы. Демек, бұл несие алушылардың саны артқанын көрсетеді. Мұнайлы өлкенің мұндай берешекке белшеден батуы, тұрмыс деңгейінің төмен екендігін көрсете ме? Толығырақ тілші тарқатсын.