Дәрігерлер түтін мен жағымсыз иістен қорғану жолдарын айтты. Атырауда тұрғындар екі күннен бері  күйік иісіне байланысты шағымдануда. Оған себеп 60 гектар аумақта қамыстың жанып кетуі. Осыған байланысты жергілікті ақ халаттылар күлімсі иістен қорғану түрлерін айтты. Облыстық аурухананың штаттан тыс терапевт-дәрігері Гүлжан Сайынованың сөзінше, күлдің көп мөлшерде ауада болуы тыныс алу мүшелерін зақымдайтын көрінеді. Мұндай жағдайда мұрын мен өкпенің созылмалы ауруы өршуі мүмкін.Егер сіз даладан өрттің иісін байқасаңыз, дереу терезелерді жабыңыз, үйде немесе кеңседе кондиционерді қосу керек. Физикалық күш салудан аулақ болуға тырысыңыз. Терең дем алмау үшін жүгірудің және жаттығудың қажеті жоқ, дейді Г.Сайынова. Сондай-ақ ол дәке маскасын және бір реттік медициналық масканы тағу иістен жартылай қорғайтынын, сондай-ақ мұндайда өнеркәсіптік респираторлардың тиімділігі жоғары екенін айтты.