Атырауда полицейлер көпірден секірген ер адамды құтқарды.
Оқыс жағдай 18 қыркүйек күні түнгі уақытта орын алған.Қаладағы орталық көпір үстінен секірген ер адамды байқаған қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері дереу құтқаруға кіріскен. Алдымен полиция аға лейтенанты Арман Қарабалиев құтқару киімін киіп, суға батып бара жатқан ер адамға қарай жүзген. Кейін жағаға шығару үшін оның әріптесі полиция аға лейтенанты Меллат Абужанов көмекке келген. Судан шығарылған соң есінен танып қалған ер адамға тәртіп сақшылары алғашқы медициналық көмек көрсетті.