Өңірде қосымша білім беру педагогтарын оқыту үшін тренерлер құрамын дайындау курсы  басталды. Мақсаты - біліктілікті арттыру бағдарламаларын одан әрі іске асыру үшін өңірдің қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің қатарынан тренерлер тобын жасақтау. Мұнда  білім беру орталықтары мен жалпы білім беретін орта мектептердегі үйірме жетекшілерінен 50 педагог таңдап алынды. Курс тыңдаушылары Республикалық шеңберде "Назарбаев" зияткерлік мектептері бойынша осы курстарды жүргізіп жүрген жетекші мұғалімдерден дәріс алуда.