Атыраулықтар наурыз мейрамын ерекше тойлауда. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күнде думан. Бұл жолы Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары  "Жоралғы" күніне арналған өнерлерін ортаға салды. Ақ жаулықты әжелер босаға майлау ырымын сахналады. Жастар шаңырақ құрғанда немесе жаңа үйге кіргенде жақын- жуықтары келіп, үйдің босағасына май жағатын көрініс. Мағынасы осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын дегенді білдіреді. Осыдан соң, ерулік дәстүрі халықтық жоралғысының  жарқын үлгісі көрсетілді. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды көздейді. Киіз үйдің ішінде  сәбиге ат қойып, бесікке салды. Осылайша, наурыз айы бойы әлеуметтік желілер арқылы ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғырды, барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. 
/интершум болса