Атырауда 1,5 жасар бала із түссіз жоғалып кетті. Бүгін шамамен түскі сағат 13:30 Жұлдыз мөлтек ауданы 10-шы көшедегі № 57 үйден шығып кетіп, оралмаған. Полицияға келіп түскен ақпарат бойынша, үстінде қызыл клеткалы көйлек, қара келте шалбар болған. Тәртіп сақшылары көрген білгендер болса, дереу 102 пультіне хабарласуларын сұрайды.