Атырауда 2 жеткіншек істен шыққан жүк тасымалдаушы лифті шахтасына құлап, қаза тапты. Қайғылы жағдай кеше кешкі 9-дар шамасында "Алмагүл" ықшам ауданындағы 19 үйде болды. Тұрғындардың айтуынша, екі бала 16 қабатты үйдің 15-інші қабатындағы жеделсатыға мінбек болған. Бірі оқиға орнында, ал екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды . Айта кетейік, ажал құштырған лифтіге жауапты "КаспийЛифт" мекемесі. Бүгінде оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүруде.