"Қазақстан Атырау" телеарнасының ұжымы үшін  елімізде тұңғыш рет өткен "Тұмар" телевизиялық байқауының лауреаты атану қуанышты жаңалық, әрине. Өткен жылы облыстық арна эфирінен көрсетілген бұл  "Арнайы репортаж" журналистік зерттеу  жобасының авторы журналист Жанар Байсемізова, редакторы Гүлдана Абайқызы. Ал, режиссеры Ботагөз Есенбекқызы.