ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Балалар жәрмеңкеде сауда жасап, қайырымдылыққа үлес қосты. "Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры жанындағы инклюзивті дамыту орталығында дәстүрлі күзгі жәрмеңке өтті. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шара балалардың қарым-қатынас жасау, өз бетінше шешім қабылдау және күнделікті өмірге бейімделу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.