ӨҢІРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Атырау облыстық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуына қатысты бірқатар мәселе қаралды. Депутаттар 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын, жаңа қалалық дендрологиялық саябақтың жобасын және «Таза Қазақстан» бағдарламасының өңірлік жоспарын талқылады. Сондай-ақ көше атауларын беру тәртібі сөз болды.