САЗГЕР Ж.НҰРҒАЛИЕВТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Қызылқоғада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сазгер Жәкула Нұрғалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Тағылымды шарада сазгердің өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, өнер иесінің ұрпақтары, замандастары, ақын-жазушылар мен өнер саласының өкілдері бас қосты.