АТЫРАУДА ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК МЕРГЕНДЕРІ БАС ҚОСТЫ
Атырауда дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» әлем кубогы өтіп жатыр. Халықаралық додаға әлемнің 20 елінен 200-ден астам мерген қатысуда. Үш күнге жоспарланған жарыста спортшылар дәстүрлі садақ атудың бірнеше бағыты бойынша бақ сынайды. Сайыс ұлттық спортты дәріптеп қана қоймай, отандық және шетелдік мергендерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.