МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МЕН ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Отбасы күніне арналған апталық аясында өңірде салтанатты жиын өтті. Шарада ұзақ жылдар бойы бірге өмір сүріп келе жатқан отбасылар мен жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларға құрмет көрсетілді. Мерейтойлы отбасыларға естелік сыйлықтар табысталып, жас жұбайларға неке туралы куәліктер берілді.