«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
«Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр. Оның аясында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан 100 балаға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды. Оларға сөмке, дәптер, қалам және басқа да кеңсе тауарлары берілді. Балалардың басым бөлігі биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.