ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Жыл басынан бері Атырау қаласында 90 өрт тіркелген. Осыған байланысты жылыту маусымы қарсаңында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі тексеріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мен газ қызметінің мамандары 20 үйді аралап, пеш пен мұржалардың жағдайын бақылауда. Тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндіріліп жатыр.