1 ҚЫРКҮЙЕКТЕ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ГҮЛ МЕН СЫЙЛЫҚ БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ
Қазақстан мектептерінде мұғалімдерге гүл шоқтары мен сыйлықтар тарту етуге болмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді. Талап бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына да қатысты. Осыған байланысты министрлік жергілікті атқарушы органдарға арнайы хат жолдап, білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тақырыпты Лаура Кисметова тарқатады.