ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУ: БАЛАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?
Өңірде балалардың терезеден құлау дерегі көбейіп отыр. Биыл облысты осындай 22 жағдай тіркелген. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 6 болған. Зардап шеккендердің басым бөлігі 1 мен 6 жас аралығындағы балалар. Құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алу үшін ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.