ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
Облыс әкімі Болат Ақшолақов шаһардағы жол жөндеу, инженерлік желілерді жаңғырту және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын тексерді. Өңір басшысы бірқатар нысанды аралап, жауапты мамандарға жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.