МЕКТЕП ФОРМАСЫН КИМЕГЕН ОҚУШЫНЫҢ АТА-АНАСЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Енді мектеп формасын кимеген оқушының ата-анасына айыппұл салынады. Талап алғаш рет бұзылса, ата-анаға ескерту жасалады. Ал бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 5 АЕК мөлшерінде, яғни 21 мың 625 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова айтты. Дегенмен, мектеп формасына қатысты талап тек оқушыға емес, ата-анаға да міндет жүктейді. Толығырақ сюжеттен көрейік.