ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ
Облыста техникалық және жұмысшы мамандықтарға сұраныс артып келеді. Бүгінде өңірдегі 24 колледжде мыңдаған жас кәсіптік білім алып, еңбек нарығына қажетті мамандықтарды меңгеруде. Мамандардың айтуынша, әсіресе көлік-логистика саласында білікті жұмысшыларға қажеттілік жоғары. Осыған байланысты колледждер өндіріс орындарымен бірлесіп, студенттердің тәжірибелік білім алуына басымдық беріп отыр.