МЕКТЕПТЕГІ ЫСТЫҚ ТАМАҚ: БИЫЛ ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ ӨЗГЕРМЕЙДІ
Биыл мектептерде оқушыларды тегін тамақтандыруға бөлінетін қаржы көлемі өзгеріссіз қалады. Бұған дейін асхана қызметін көрсететін кәсіпкерлер азық-түлік бағасы мен шығындардың өсуіне байланысты қаржыландыруды арттыруды ұсынған еді. Алайда нарықтағы жағдай сараланып, қазіргі бекітілген сома әзірге жеткілікті деп танылды. Ал жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханаларындағы ас мәзірі жаңартылған талаптарға сәйкес әзірленеді. Толығырақ тілші материалында.