НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШЕДІ
Нотариаттық қызметтер цифрлық форматқа көшеді. Қазақстанда бұл бағыттағы жаңа кезең басталып, E-Notary платформасы пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жаңа жүйе нотариалдық әрекеттердің ашықтығын арттырып, азаматтарға өз атына рәсімделген құжаттарды бақылауға мүмкіндік береді. Ал жасанды интеллект ықтимал заңбұзушылықтар мен тәуекелдерді алдын ала анықтауға көмектеседі.