ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ 180 ОҚУ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ
Биыл елімізде 75 мыңнан астам талапкер жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант негізінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олардың қатарында атыраулық түлектер де бар. Ал мемлекеттік грантқа ие бола алмаған жастар үшін өңірде қосымша мүмкіндік қарастырылған. Қазір облыс әкімінің білім грантына үміткерлерді іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қанша атыраулық мемлекеттік грант иегері атанды? Ал мемлекеттік қолдауға ие бола алмаған талапкерлер облыс әкімінің білім грантын қалай ала алады?