Қала аумағында «Мопед» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жүргізушілерді жіті бақылап, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексерді. Сонымен қатар, жүргізушілердің тиісті құжаттарының болуы да назардан тыс қалған жоқ. Рейд барысында 62 мопед айыппұл тұрағына жіберілді. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған 46 азаматқа қатысты хаттама толтырылды.

Аталмыш іс-шара аясында өткізілген тексерістер құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтап, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.