Тұрғын үй кезегінде тұрған 19 отбасы баспаналы болды. Олардың қатарында көпбалалы аналар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар және ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Пәтер кілттерін қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов тапсырып, қоныс иелерін мерекемен құттықтады. Айта кетейік, салатанатты шара Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылған.