Дамбы балық инспекциясына салтанатты түрде жаңа ғимарат берілді. Бұл өңірдің балық шаруашылығы саласындағы үлкен жетістік әрі маңызды оқиға. Заманауи модульді нысан небәрі үш айдың ішінде сапалы түрде салынып, инспекция қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне толық мүмкіндік беретіндей етіп жабдықталған.