Бүгін өңір кәсіпкерлеріне арналған құқықтық ақпараттық конференция өтті. Іс-шараға құқық қорғау және бақылау органдарының өкілдері қатысты. Бұл шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және бизнес өкілдерімен ашық диалогты дамыту аясында ұйымдастырды.