Атыраулық кәсіпкерлерге экономикалық саясаттың өзекті мәселелері түсіндірілді. Жиынға энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев және бірқатар министрліктердің өкілдері қатысып, елдің экономикалық даму бағыты мен жаңа салық кодексіндегі өзгерістерді талқылады.