Махамбет ауданында тауарлы балық өсіретін жаңа шаруашылық құрылмақ. Балық фермасы жылына 85 тонна балық еті мен 15 млн дана бағалы бекіре балығының шабағын шығаруға қауқарлы. Бұл- ауданда инвестициялық жобалар негізінде қолға алынған алғашқы кәсіпорын. Жалпы, Атырауда 2024-29 жылдарға арналған ұлттық инвестициялық пул аясында 35 жоба қолға алынып, 4600 дей жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 8 жоба ауыл шаруашылығы саласына арналған.