Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып отыр. Яғни, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.