Қызылқоға ауданындағы қыстақтар мен қожалық түгел тексерілмек. Осылайша, тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтардың алдын аламыз деп отыр. Өйткені, соңғы жылдары ауданда мал ұрлығы көбейген. Бұдан өзге, полицейлер есепте тұрған қару иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізбекші. Мұндағы басты мақсат- ауыл-аймақтың тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігін күшейту.