Азық-түлік бағасы күн өткен сайын шарықтап барады, соңғы мәліметтерге сай елде 1,4 пайызға өскен. Халықтың қалтасын қаққан қымбатшылықтың беті қайтар емес. Күнделікті тұтынатын қарапайым өнімдерден бастап, еттің құнына дейін өсе түскен. Шенеуніктер бағаны тұрақтандыруға уәде бергенімен, нәтиже байқалмайды. Керісінше, нарықтағы баға аспандап, шектен шыққан қымбатшылық жұртты тығырыққа тіреуде.