Құлсары қаласында жанармай құю бекетіндегі жарылыстан күлге айналған кәсіпкерлік нысандардың иелері шу шығарды. Бизнесмендер отқа оранған ғимараттар жарамсыз күйде дейді. Ал, қайта қалыпқа келтіру үшін қыруар қаражат керек. Бірақ олар шығынды кімнен өндірерін білмей жүр. Бар табысымыздан айырылдық деген жандар облыс әкімінен көмек сұрайды. Айта кетейік, апат кезінде сол маңдағы көліктер де бүлінген болатын.