Махамбет атындағы әдеби сыйлық алғаш рет Халықаралық деңгейде табысталды. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрындағы рухани жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері мен жас қаламгерлер қатысты. Мәртебелі марапатты Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов табыстады.