Атырау қаласына қарасты ауылдарда жыл аяғына дейін 4 мәдениет үйі пайдалануға беріледі. Әрқайсысы 200-300 орындық әлеуметтік нысандар Алмалы, Дамбы, Атырау және Тасқала ауылдарында бой көтеруде. Жалпы, бүгінде облыс бойынша Қызылқоға ауданындағы 4 ауылда да мәдениет үйлерінің құрылысы жүріп жатыр. Ауыл мәдениетінің мәйегі саналатын тағы 6 нысан келер жылы Махамбет ауданында салынады деп жоспарланған.