Төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жүріп жатыр. Оған қатысу үшін е-Gov Mobile қосымшасын жүктеп, порталға кіру керек. Басты бетте «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырманы басып, кітап ұсыну бетіне өте аласыз. Сол жерден өзіңізге ұнайтын үздік 10 шығарманы енгізіп, «Дайын» батырмасын басу қажет. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Атыраулықтардың бұл бастамаға көзқарасы қандай? Тілшіміз анықтап көрді.