Атыраудың экономикалық әлеуеті жоғары. Мәселен, биыл инвеститция тарту қарқыны 380,9 млрд теңгеге жеткен. Дәлірек айтсақ, мұнай газ химия саласы көш басында тұр. Қазір шетелдік инвесторлармен екі жақты келіссөздер жүріп жатыр. Соның аясында алдағы жылы аймақта 8 ірі жоба жүзеге асады. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесуінде айтты. Бұдан соң, Мәлік Отарбаев жас ғалымдармен кездесіп, тыңнан түрен салған ғылыми жобалар көрмесін тамашалады. Лаура Қисметова рет-ретімен.