Бүгін - халықаралық отбасы күні. Атаулы күнге орай, Мәдениет және ақпарат министрі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева, өзінің фейзбук парақшасында құттықтау жариялады. Онда елімізде 6,2 миллионнан астам отбасы бар екенін және мемлекет үшін отбасын қолдау тұрақты дамудың берік негізі екенін жазған.