Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 құрайтын газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына кезекті рет барды. Ол зауыт құрылысы айтарлықтай ілгерілегенін атап өтті. Алаңда негізгі бетон құю жұмыстары аяқталды. Металл конструкциялар мен механикалық жабдықтардың монтажы жүріп жатыр. Бұдан басқа, 400 тонналы ауыр жүкті көтеретін крандарды мобилизациялау жоспарланған. Бүгінде құрылыс алаңына 200 тоннаға дейінгі жүкті көтеретін екі кран жеткізілді.