Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетілмек. Жыл сайынғы дәстүр биыл да жалғасады. Сонымен қатар, мерекелік жиындар мен естелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұдан өзге, медициналық көмек және әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлері ұсынылады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева мәлімдеді.Өкінішке қарай, қазір екінші дүниежүзілік соғысының бірде бір ардагері қалмады. Аймақтан майданға 42 мыңнана аса атыраулық қатысқан болатын. Олардың 9-ы Кеңес Одағының батыры атанды.