Тұрғын үй кезегі отбасы банктің базасына ауысады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды. Осылайша, «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Соған сәйкес,тұрғын үй кезегінде тұрған және баспана алуға ниетті азаматтар бұрынғыдай әкімдік есігін тоздырмайды. Өзгеріс тұрғын үй кезегінің ашықтығын арттыруға және процесті жеңілдетуге бағытталып отыр.