Тақырыпқа тұздық болсын, жалпы өңірде су басу қаупі бар елдімекенге маусымдық гидробекеттер орнатылады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысының қатысуымен өткен жиында «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының директоры Салауат Төленов айтты. Сөзінше, Ресей Федерациясынан үлкен көлемде су келуі мүмкін деген болжам бар.