Қазақтың ұлттық киімі — халқымыздың сан ғасырлық тарихи өмір салты мен дүниетанымының жарқын көрінісі. Әрбір оюы, өрнегі мен сәндік элементі терең мағынаға ие және ұрпақтан-ұрпаққа жеткен шежіре іспетті. Ұлттық киімді дәріптеу мақсатында Атыраулық студенттердің қатысуымен «Ұлттық киім — ұлт айнасы» атты челлендж ұйымдастырылды.