Индер ауданында құны 3 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба өз жемісін бере бастады. Дендер тауындағы гипс тастарынан құрғақ құрылыс қоспасының 6 түрін шығаратын кәсіпорын 40 мың тоннаға жуық сапалы өнім шығарған. Құрылыс материалдары шетелдерге де экспортталуда. Былтыр облысқа 78 млрд теңге инвестиция тартылып, 17 жоба қолға алынған еді. Оның 15-і мұнай-газ химиясы, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асты.