Атырауда екі тәулікте 300 ден аса құқық бұзған тентек жүргізушілер жауапқа тартылды. Заңды белден басқандарды полиция кезекті "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы кезінде анықтады. Жүргізушілердің дені жылдамдықты шамадан тыс асырған, жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Бұдан өзге, сақшылар басып озу, қарсы бағытта жүру, тиым салынған жерден өту сияқты құқықбұзушылықтарды қатаң бақылауға алды. Толығырақ әріптесім Ақмарал Бисембайқызының сюжетінде.