Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаева өз жолдауында "елдегі еңбекқор һәм кәсіби маман – ең сыйлы адам болуы тиіс. Осындай азамат елдің бір тұстастығын дамытады" деді. Сонымен қатар, ол қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетудің маңызын атап өтіп, қандай кәсіппен айналыссаң да оны сапалы атқару керектігін баса айтты. Осылай құрметке бөленіп, адал еңбегімен айналасына сыйлы боп жүргендер біздің өңірде де жетіп артылады. Солардың бірімен әріптесіміз тілдесіп, жұмысымен танысып қайтты.